Шүкіршілік ету – Аллахтың берген несібесіне қанағат ету, барға шүкіршілік ету, жоққа сабырмен қарау. Сенген адам өмірде өзіне берілген немесе берілмеген барлық несібелері үшін Аллаға шүкіршілік етеді. Осыған негізделгенде қанағат ету – кісілердің әрі қолындағы, әрі қолы жетпеген несібелері үшін. Ал қазіргі таңда шүкіршілік ету азайған сияқты. Байыған үстіне тағы да байысам екен деген адамар да көбейген секілдіме? Әрине бес саусақ бірдей емес. Көпке топырақ шашудан да аулақпыз! Бірақ та аранын ашып нәпсісне ерік бере алмай жатқан адамдар да бар арамызда. Бірде бір адамнан «Қалайсың?» деп сұраса . Әлгі адамның «Жақсымын» деген жауабын алған соң, жаңағы сұрағын қайталай сұрапты. Ұқсас жауапты алған соң, үшінші рет тағы сұрағанда әлгі кісі «Әлхамдулиллах, шүкір жақсымын» дегенде «Міне, мен де осы жауапты күтіп едім» депті. «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпiнде: «Тәубе етушi Аллаһтың сүйiктi пендесi, әрi бейкүнә сәбидей таза болады»,– деген. Демек тәубеге келу, шүкіршілік , қанағат ету арқылы жүрегіміз тазарары сөзсіз!!!

Теги других блогов: Аллах шүкіршілік қанағат